Астанада ауа райының бұзылуына байланысты қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» компаниясына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, елордадан 16 ауылға - Қараөткел, Қаражар, Ақмол, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Талапкер, Қажымұқан, Максимовка, Воздвиженка, Қызылсуат, Жібек жолы, Жалтыркөл, Бабатай, Аршалы, Софиевка және Малотимофеевкаға қатынайтын 12 қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша шектелді. Олар:

№300 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» сауда, ойын-сауық орталығы) - Қараөткел ауылы - Қаражар ауылы - Ақмол ауылы

№305 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» СОО) - Қараөткел ауылы - Қаражар ауылы - Ақмол ауылы

№308 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» СОО) - Қызылжар ауылы - Қабанбай батыр ауылы

№309 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» СОО) - Қызылжар ауылы - Қабанбай батыр ауылы - Р.Қошқарбаев ауылы

№310 бағдар - Астана қаласы («Астра» КО) - Талапкер ауылы - Қажымұқан ауылы - Максимовка ауылы

№311 бағдар Астана қаласы («Астра» КО) - Воздвиженка ауылы

№312 бағдар - Астана қаласы («Азия парк» СОО) - Қаражар ауылы - Ақмол ауылы

№313 бағдар - Астана қаласы (№2 Ақмола облыстық ауруханасы) - Қызылсуат ауылы

№315 бағдар - Астана қаласы (№2 Ақмола облыстық ауруханасы) - Жібек жолы ауылы - Жалтыркөл ауылы - Бабатай ауылы - Аршалы ауылы

№316 бағдар - Астана қаласы (№2 Ақмола облыстық ауруханасы) - Жібек жолы ауылы - Жалтыркөл ауылы

№317 бағдар - «Алай» сауда орталығы - Софиевка ауылы №318 бағдар - Астана қаласы (№2 Ақмола облыстық ауруханасы) - Малотимофеевка ауылы

«Қозғалыстың қалпына келтірілуі туралы қосымша хабарланады», - делінген «Астана LRT» мәліметінде.