Еліміздің бірнеше өңірінде қатты аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД хабарлауынша, өңірде 1-11 сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.

Атап айтқанда, Семей, Риддер қалалары мен Алтай, Жарма сияқты басқа да аудандарында ауа температурасының минус 30-дан төмендеуіне байланысты сабақ тоқтатылды.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында да күннің суытуына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.