Джакарта әуежайынан ұшып шыққан Lion Air әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Reuters.

"Ұшақ ұшып шыққаннан кейін он минут өткенде радардан жоғалып кеткен", - деп жазды Straits Times басылымы.

Басылымның мәліметінше, JT-610 рейсін орындаған Boeing 737 ұшағы Джакартадан Банка аралындағы индонезиялық Панкалпинанг қаласына жергілікті уақыт бойынша сағат 06.20-да (Астана уақытымен сағат 05.20-да) ұшып шығып, 06.33-те жоғалып кеткен.

Flightradar мәліметінше, лайнер Ява теңізінің үстінде жоғалып кеткен.

Ұшақты іздестіру және құтқару жұмыстары басталды.