Белгілі әнші Димаш Құдайберген Канн халықаралық кинофестивалінде қызыл кілеммен жүріп өткен суретін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суреттерді Димаштың Инстаграмдағы парақшасына жүктеді. Суреттегі жазбада әнші образдарын дайындаған жандарға алғыс айтқан. Ал zhongxindeying аккаунтында осы сәттің қысқаша видеосы жарияланды.