ҚР Президенттігіне кандидат Дания Еспаева тұғырнамасын жария етті.

ҚР кезектен тыс Президенті сайлауына «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан ұсынылған Дания Еспаеваның өзінің сайлауалды тұғырнамасы: «Тұрақты даму негізі бәсекелестік және жаппай кәсіпкерлікпен айналысу», «Ұлттық тәуелсіздік», «Жемқорлықпен күрес және ошфорсыздандыру» атты негізгі үш бағыттан тұрады. Онда кандидаттың еліміздің ішкі және сыртқы саясаты мен әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына қатысты көзқарасы бейнеленген.

«Бізге жарқын болашаққа жол ашып, оған тежеу болатын барлық кедергілерден арылу керек. Адамдардың тыныс-тіршілігінің кепілі шенеуніктер емес, нарықтық экономика, демократия мен әлеуметтік әділеттілік болуы керек»,-делінген тұғырнамада.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9- маусымына тағайындалған. Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

inform.kz