Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер қазақстандықтарға үйінде қанша ақша сақтауға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл жайтты қазақстандықтардың табысы мен шығысы туралы декларацияны енгізу туралы брифинг барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің орынбасары түсіндірді.

"Үйде сақтаған барлық қолма-қол ақшаны көрсетесіздер. 500 ЕТЖ (шамамен 12 миллион теңге) асса, банкте сақталуы керек. Ақша банк шотында болуы тиіс. Ал 12 миллион теңгеге дейін, декларацияда үйде сақтайтыныңыз туралы көрсетуге болады", - деп декларацияны толтыру ережесін түсіндірді Мәди Тәкиев.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғаның кірісі мен шығысының жалпыға ортақ декларациясы енгізілетінін еске салды.

"Қазақстан республикасының барлық кәмелетке толған азаматы, оралман және тұруға рұқсаты бар адамдар. Кәмелет жасқа толмаған, бірақ мүлкі немесе оның үлесі бар азаматтар. Қазақстан республикасында мүлкі бар шетел азаматтары", - деп ақпаратты бөлісті Мәди Тәкиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.