1 шілде Қазақстан Ұлттық домбыра күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2018 жылы 13 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық домбыра күні туралы қаулысы жарияланды.

Құжатта былай делінген:

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

  4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Елбасының домбыра жөнінде айтқан сұхбатының видеосын Ақорданың баспасөз қызметі Instagram желісінде жариялады.

Шебер Жолаушы Тұрдығұлов домбыраны дұрыс жасаудың құпиясын бөлісті. Аспапты жасау үшін оған қажетті материалды ең кемі 60-70 жыл бойы кептіру керек, сонда ғана оның үні керемет шығатын болады.

Алматыда өткен мерекелік шаралар 1 шілдеде сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы көшелерінде және Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін домбыра жасау мен ойнауға үйрету бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Жібек жолы көшесінде сағат 12.00-де 500 домбырашының қатысуымен флешмоб өтті. Олар "Балбырауын", "Адай", "Ата толғауы" және өзге де күйлерді орындайды. Сонымен қатар, ашық аспан астында "Сазген сазы" ансамблінің концерті өтті. Панфилов көшесінде көрме ұйымдастырылса, Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында ғимаратты декорациялық жарықтармен жарықтандыру шарасы болды.