"Қазақфильм" киностудиясына жаңа президент тағайындалды. Бұл қызметке Арман Асенов келді.

Тоғызыншы тамызда Бақыт Қайырбеков "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткен болатын.

Арман Асенов - 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, актер, продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін "Республика алаңы" ЖШС директоры болып қызмет еткен. 1995-2000 жылдары "Қазақфильм" АҚ продюсері қызметін атқарып, осы күнге дейін киностудияда түрлі қызметтерде болған.