Аустралияның оңтүстік-шығысында 35 жыл ішінде алғаш рет қар жауды.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары таңғалған кенгурулардың қар үстінде секіріп жүрген видеосын жүктеп жатыр.

Жергілікті билік тұрғындарды жолда жарақат алып қалмау үшін үйден қажет жағдайда ғана шығуға шақырды. Онда бірнеше күн ішінде 13 сантиметр қар түскен, бұл көлік қозғалысын қиындатып отыр. Негізінен кенгуру отанында қыс маусымда басталып, тамызда аяқталады.

tengrinews.kz