Атырауда cарбаз туберкулез менингитінен қайтыс болды. Әскери қызметкер жарты жыл уақыт ауырған, түрлі қалаларда ем алған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, әскери қызметкер облыстық ауруханаға 5 мамырда ауыр жағдайда түскен.

"Зертхана сараптамалары туберкулез диагнозын растады. Науқас туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылды, арнайы препараттарды қабылдады. Нәтижесінде дерт туберкулез менингитіне айналды", -деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасындағылар қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, мәліметтер әскери прокуратураға жіберілді. Бірақ денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, әскери қызметкер менингококк инфекциясынан көз жұмған жоқ.

tengrinews.kz