Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астанада болған жол-көлік апатының видеосы тарап жүр. Онда жүк көлігінің көпірден құлағанын көпірдің үстінде жеңіл автомобильмен соқтығысқанын анық байқауға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық ішкі істер департаментінің мәліметіне сәйкес, аталған жол-көлік апаты 31 мамырда болған.

«Ол күні шамамен сағат 16:00-де «Hyundai» маркалы жүк көлігі көпірмен келе жатқан. Сол кезде жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетті. Сөйтіп, Chevrolet Niva-мен соқтығысқан. Жеңіл көлік инерциямен тағы бір жүк көлігіне барып соғылған. Ал Hyundai көпірдің қоршауын бұзып, төмен қарай аударылып құлады. Абырой болғанда ешкім мерт болған жоқ. Жүк көлікте жүргізуші ғана болған. Нивада жүргізуші және жолаушы отырды. Барлығын ауруxанаға жеткізіп, жан-жақты тексеріп шықты. Олар жарақат алды. Бірақ медициналық тексерістен кейін үйлеріне жіберілді. Hyundai жүргізушісіне қатысты әкімшілік xаттама толтырылды», - деді департменттің баспасөз xатшысы София Қылышбекова.

Автор: Арман Асқаров