Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы 23 наурызда Ақорда сайты хабарлады.

Жарлықта "Қазақстанның əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Қазақстан астанасы - Астана қаласы Қазақстан астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын" деп жазылған.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз

             №  6