Егер америкалық пастор Эндрю Брансон босатылмаса, Құрама Штаттар Түркияға қосымша санкциялар салуға дайын. Осылай деп АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин мәлімдеді деп хабарлайды Bloomberg.

Брансон Түркияда 20 жыл бойы жұмыс істеп келген. Анкара оны 2016 жылдың жазында Түркияда болған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы болды деп айыптайды. Прокуратура пасторды 35 жылға бас бостандығынан айыруды сұрайды. Тамыз айының басында АҚШ Түркияның ІІМ және әділет министрлігіне қарсы санкциялар салды. Министрлерге АҚШ-қа кіруге тыйым салды. Анкара да тиісті жауап қайтарды.

15 тамызда сот Брансонды үйқамаққа шығаруға келіспеді.

10 тамызда Вашингтон түрік құрышы мен алюминийге баж салығын көтерді. Бұл шара Түркия валютасының құнсыздануына әкелді.