Сәуірдің 21-і күні Қарағандыда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, алдын-ала мәлімет бойынша екі адам қаза тапқан. Бұл ақпаратты азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

''Бүгін сағат 16.25-те Балапан әуеайлағында (Қарағанды) жаттығу кезінде қонуға беттеген жеңіл авиацияның FK14 Polaris әуе кемесі апатқа ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, экипаждың екі мүшесі қаза тапты" деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиация оқиғаларын зерттеу бойынша басқармасы зерттеу жүргізеді.