Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) бокста ұзақ жүрмейтіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы allboxing.ru басылымына сілтеме жасап.

Мексикалық 27 жастағы боксшы 35 жасқа толған соң рингтен кетуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Менің қанша уақыт бокста жүретінім туралы айту қиын. 50 жасқа дейін деп айта аламын, бірақ мен 35 жаста кетуді жоспарлап отырмын, сондықтан, осы қалған жылдарда барлығына қол жеткізгім келеді және 35 жаста мәнсабымды аяқтап, өмірден ләззат алсам деймін, жетістігіммен, қолымда бар бизнесіммен рахаттанғым келеді", - деді ол.

"Бокста онымен бәрі байланысты, өмірде, бокста тарихқа кіру, бокста қолыңнан келгенді істеп, қанағаттанып кету. Мен өзім істеген іске қанағаттанамын және мүмкіндігінше көп нәрсеге қол жеткіздім деп есептеймін", - деді боксшы.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес реваншы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді және оны ақылы жүйеде (PPV) НВО телеарнасы көрсетеді.

tengrinews.kz