Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан үш адам зардап шект

Жол-көлік оқиғасы Қалқаман ықшамауданындағы Бегалиев пен Елубаев көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі асқан жылдамдықпен Бегалиев көшесімен келе жатып, Елубаевпен қиылысатын тұста "Жол бер" белгісін елемей немесе көрмей қалған.

Осы кезде Kia маркалы автокөлік бар жылдамдығымен жедел жәрдемнің бүйірінен соққан. Салдарынан газ құбырларын ұстап тұрған тіреуіштер қираған.

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Әр түрлі дене жарақаттарымен олар ауруханаға жеткізілді.

tengrinews.kz