Бүгін Алматыда «Әйгерім» шағын ауданында оқыс оқиға болды. Манипулятор кранның тіреуі тайып кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш әйелді басып қалды.

Қала дәрігерлері ауыр техника астында қалған үш әйелдің жағдайы туралы айтты.

«Үш пациент те өте ауыр жағдайда түсті. Барлық лабораториялық-диагностикалық зерттеулер шұғыл түрде жүргізіліп, операция жасалды. Жарақаттары өте көп. Пациенттер қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосулы», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан.

24.kz