Алматыда сайлау кезінде қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ашық есік күндері акциясына барлық автобустар мен метрополитен маршруттары қатысады. Қоғамдық көліктер күнделікті кестеге сай жүреді.

«Бұл күні шамамен 700 мыңға жуық жолаушы қоғамдық көлікті пайдаланады. Ашық есік күндері акциясын тасымалдаушылар әлеуметтік қолдау ретінде ұйымдастырып отыр. Бұл сайлаушылардың белсенділігін, құқықтық мәдениетін арттырмақ», - деді қалалық Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығынан.

Айта кету керек, биыл тасымалдаушылар 430 жаңа автобус сатып алды. Жыл басынан бері қала жолдарына 156 жаңа автобус шықты. Бұл көліктер №65, №31, №60, №81, №14 маршруттарға шықты.

Ашық есік күндері акциясына №1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 36, 37, 38, 40, 41, 44, 45 46, 47, 48, 50, 51, 52, 54, 56, 57, 59, 60, 62, 63, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 77, 78, 79, 80,81, 85, 86, 88, 92, 95, 98, 99, 102, 103, 104, 106, 107, 108, 111, 112, 113, 115, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 131, 135, 137, 141, 201, 202, 203, 104а, 109а, 131а, 29р, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 1-троллейбус, 5-троллейбус, 7- троллейбус, 9-троллейбус, 11-троллейбус, 12- троллейбус, 19-троллейбус, 25-троллейбус қатысады.