Алматы полициясы халықтың қолындағы заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу науқанының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, науқан барысында Алматы қаласы Ішкі істер органдарына азаматтардан 99 қару-жарақты өткізу үшін 56 өтініш келіп түсті, атап айтқанда, 55 тегіс қару, 24 травматикалық қару, 20 дана мылтық, 1 450 мылтыққа арналған оқ-дәрі. Азаматтарға берілетін төлемдердің жалпы сомасы 4 909 629,50 теңгені құрады.

«Барлық тапсырылған қару-жарақтар «Тіркелген» және «Қылмыстық қару» интеграцияланған деректер банкі бойынша тексерілді, ал мылтық сот сараптамасына жіберілді. Науқан барысында тұрғындар арасында қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтауды ерікті түрде өтеу туралы халықты ақпараттандыру шаралары күшейтілді. Ішкі істер департаментінің барлық бөлімшелерінде (ІІБ-РОП, УПП, көші-қон және жол полициясында құжаттарды қабылдау пункттері), адамдар көптеп кездесетін орындар (ХҚКО, әуежай, теміржол және автобус бекеттері, базарлар, ойын-сауық мекемелерінде) үгіт-насихат плакаттары, науқан туралы стендтер орнатылған. Барлық ІІБ-да халық арасында таратуға заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсыру туралы парақ таратылды», - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.