ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде инженерлік желілер қайта тартылып, қоғамдық көліктерге арналған BRT жылдамдық жолағы жасалатындықтан бірқатар көшеде қозғалыс уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12-20 мамыр күндері Тимирязев көшесінің бойы Желтоқсан мен А.Байтұрсынов көшелеріне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Жөндеу жұмыстарына байланысты жүргізушілер бағытын алдын-ала жоспарлап алуы ескертілді.

Арайлым Жолдасбай