Алматыға жақын маңда орналасқан атақты аквапаркте бес жасар бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қайғылы жайтты куәгерлер хабарлады.

ТЖК баспасөз қызметі Алматы облысындағы бассейнде баланың қайтыс болғанын растады.

"Сағат 11.45-те Іле ауданы Байсерке ауылындағы "Дос" демалыс орнындағы бассейннен ұл баланың денесі табылды және оны куәгерлер алып шықты, бала 2013 жылы туған, ол ата-анасының қарауынсыз қалып, шомылу кезінде суға батып кеткен", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бала ауруханаға жеткізіліп, жарты сағаттан кейін есін жимастан қайтыс болған.