Алматының әл-Фараби, Саин және Шығыс айналма автомобиль жолында 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап орташа жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа дейін азаяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

"Халықаралық тәжірибеден орташа жылдамдықты азайтқан қалалардың көлік тізгініндегілерге де, жаяуларға да қауіпсіз болғанын әрі қаншама өмірді құтқарып қалғанына көзіміз жетті, мәселен Нью-йорк және Лондон қалалары. Алматыда жыл басынан бері 4203 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның басым бөлігі орташа жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан 80 шақырымға дейін жүретін жол бөліктерінде болған, бұл күн сайын 12 апат болады деген сөз. Биылғы қаңтардан бастап болған жол апаттарының салдарынан Алматыда 121 адам қаза тапты. Яғни Алматы жолдарында әр үш күн сайын бір адам қаза болады. Мұндай статистика жолдарда қауіпсіздікті арттыру үшін түбегейлі шаралар қабылдауға мәжбүрлейді", - дейді Салтанат Әзірбек.