Алматы қаласы Қазақстан республикасының Тәуелсіздігі күні мейрамын атап өтті. Орталық алаңдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсіміне жергілікті билік басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Осыдан 27 жыл бұрын 1991 жылы желтоқсанның 16-сы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы қабылданған.