Алматы әуежайындағы паспорт бақылауында туристер ағымынан үлкен кезек пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қызмет өкілдерінің айтуынша, үлкен кезекке мерзімдік фактор әсер еткен. Жолаушыладан шыдамдылық танытуды сұрады.

"Барлық 14 кабина жұмыс істеп тұр, ал кезек маусымдыққа байланысты туындады. Яғни, туристік маусым аяқталды, ол тек Алматыда емес, басқа қалалар мен халықаралық әуежайда болып жатқан жағдай. Адамдар бір-бір жарым сағаттап кезекте тұрады. Әуежайда барлық шекарашы бар күшін салып жұмыс істеп жатыр. Ешқандай штаттан тыс оқиғалар жоқ", - деді ҚР ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінің жетекшісі Қанатбек Солтанов.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, әуе айлағы тұрақты жұмыс істеп тұр, төтенше жағдайлар жоқ.

"Иә, өкінішке қарай, осындай оқиғалар болып тұрады, өзім де куә болғанмын. Әсіресе, борттың ұшуы мен қонуы сәйкес келген кезде. Мұндай жағдайда шекарашылар екі қабатта бірдей жұмыс істейді", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз хатшысы Наталья Соколова.