Желіде Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" кен орнында шыққан өрттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

ҚР ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың айтуынша, өңірлік ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне өрт туралы хабар 25 наурызда таңғы 07:10-да түскен.

"Маңғыстау ауданында "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ "Қаламқас" кен орнындағы мұнай ұңғымасында 900 шаршы метр алаңда биіктігі 10 метр грифонның газ су аралас ашық отпен лаулаған. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Нұрахметов.

"Өрт сөндіруге мемлекеттік емес "Семсер Өрт сөндіруші" және "Қаражанбас" өрт сөндіру компанияларының 14 жұмысшысы мен төрт арнайы техника жұмылдырылған.