Жаз айларында қосымша пойыздар қатынайтын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтсақ:

  • «Алматы -Орал» бағытындағы бір реттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні, ал кері бағытта - Орал қаласынан 28 мамыр күні жолға шығады.

Сонымен қатар, «Қала маңы тасымалы» АҚ-ы Шығыс Қазақстан облысы ікімдігімен біріге отырып, жаз айларында Алакөл демалыс орынына қатынайтын қосымша екі пойызды іске қосады. Олар:

  • №457/458 «Семей-Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап тамыздың 31-не дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 17 сағат 13 минут.

  • №459/460 «Өскемен-1 - Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1- ші жұлдызынан бастап 31-ші тамызға дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 18 сағат 57 минут.