YouTube желісінде шетелде қашып жүрген Мұхтар Әбілязов пен Польшадағы «Ашық диалог» құқық қорғау қорының басшысы Людмила Козловскаяның интим видеосы тарап кетті. Видеоның тақырыбы ретінде «Әдемі әрі көркем украин қызы бастығымен жыныстық қатынасқа түсіп жатыр» деп жазылыпты. Он бір минуттан тұратын видеода бір-біріне ынтыққан еркек пен әйелдің төсек қатынасы түгел көрсетілген. Оларды басқа біреумен шатастыру мүмкін емес – бейнелері анық көрінеді. Әрине, еркек пен әйелдің ыстық махаббаты, төсек қатынасы қоғамдық маңызы бар оқиға емес. Бірақ, бұл тұста әділеттілік және мораль жөнінде жиі сөз айтатын Мұхтар Әбілязовке қатысты оқиғаны жан-жақты талқылау қажет болып тұр. «Осы интим видео Әбілязовтің имиджіне қалай әсер етеді?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

«Ашық диалог» қорының басшысы Людмила Козловская Мұхтар Әбілязов үшін бөтен адам емес. Ол көптен бері Мұхтар Әбілязовтің мүддесі үшін қызмет етіп жүр. Экс-банкир Франция түрмесінде қамалып жатқан кезде де оны қорғаштап Еуропарламент депутаттарының алдында сөз сөйлеген. «Ашық диалог» қорын көбіне Мұхтар Әбілязов қаржыландырады, яғни Людмила Козловская оның басыбайлы қызметкері сияқты құқық қорғаушы. Бастық пен оның қарамағында жұмыс істейтін әйелдің интим қатынасқа шейін тым жақындасып кету оқиғасы Әбілязовтің беделін асқақтатып тұрған жоқ. Бұл жағдайға қатысты украин мақалы «Жақсы мысық өз үйінің шатырында жүгірмейді» деп айтылады. Әбілязов осы мақалды ескермей отыр. Бұл оқиға Әбілязовтің бұған дейін де айтылып жүрген «жеңіл жүрісі» жөніндегі алып-қашпа әңгіменің бекер емес екенін тағы да дәлелдеп кетті. Мысалы, Мұхтар Әбілязов пен оның қарамағында жұмыс істеген заңгер Ботагөз Жәрдемәлінің де жақын қатынаста болғаны айтылған. Ал БТА банктен ақшы жымқыру ісі бойынша Әбілязов Лондон сотына тартылғанда оның мүддесін украиналық заңгер Елен (Алена) Тищенко қорғағанын білеміз. Кейін бұл екеуінің де арасында «сүйіспеншілік» болғаны әшкере болды. Әбілязов Лондон сотынан қашып Фрнацияда жасырынып жүріп полицияның құрығына түсіп қалуына себепші болған дәл осы Елена болатын. Ол оқиға былай болған: 2013 жылы Еуропадағы заңгерлік көмек беретін және қашып жүрген адамдарды іздеумен шұғылданатын Hogan Lovells компаниясының тыңшылары Лондон сотында Әбілязовті қорғап жүрген адвокат Е.Тищенконы аңдиды. Ол кезекті сот отырысынан кейін Францияға ұшып келіп, теңіз жағалауына жақын аймақтағы үйіне келеді де, түн жарымына ауғанда машинасымен қалашықтың шетіндегі бір үйге барады. Тыңшылар алыстан дүрбі салып қараған кезде жартылай ашық қалған терезе пердесінің саңлауынан ішкиіммен жүрген Әбілязов пен Еленаны көреді. Бұл екеуі осы үйде қалып қойғанына көзі жеткен тыңшылар француз полициясына хабар беріп, Әбілязовті ұстады. Сөйтіп ол үш жылдай француз түрмесінде жатып шыққан еді.

Қарап отырсақ, Мұхтар Әбілязов заңгер келіншектерге «өш». Мұндай «өшпенділік» қайта айналып, оның өзіне де ауыр соққы болып тиіп жүр. Мысалы, Әбілязов француз түрмесінде жатқанда оған қарасты ақпарат құралдарына заңгер Ботогөз Жәрдемәлі басшылық жасаған. Бұл әйелдің жасаған интригасы кесірінен бірнеше танымал журналист Әбілязовтен түбегейлі кетісті. Қазір олар Әбілязовті жақтырмайды, оған қызмет етуді түбегейлі доғарды. Ал Елена Тищенко болса, Францияда Әбілязовтің полицияға ұсталып қалуын себепші болып қана қойған жоқ, Әбілязовке қарсы Ресейде қозғалған қылмыстық іске қатысты өз еркімен барып куәлік бергенін білеміз. Енді Людмила Козловская да Әбілязовті «подставить» етіп отыр.

Әрине, мұның бәрі Мұхтар Әбілязовтің отбасы үшін ауыр жағдай. Үнемі «көзіне шөп салып» жүрген күйеуіне кез келген әйел дұрыс қарамайды. Ұл-қыздарының көңілі түсіп, жабырқап қалғаны тағы бар. Тіпті олар бұдан былай Әбілязовтің «саяси маршына» қолдау білдіріп, көмектесуден бас тартуы мүмкін.

Еркектің болсын, әйелдің болсын «жеңіл жүрісі» ешқандай қоғамда құпталмайды. Әсіресе, отбасы құндылығын жоғары қоятын батыс елдерінде мұндай әрекет қатты айыпталады. Әрине, зорлау фактісі болмаса, өзара келіскен әйел мен еркектің некесіз төсек қатынасы қылмыс емес. Бірақ, ел алдында жүрген саясаткерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге қатысты моралға жат мұндай қылығы үшін батыс елдерінде талай адам қызметінен кетті. Оларды қоғам болып айыптап, «есекке теріс мінгізіп» жіберді, саясаттан өз еркімен кетуге мәжбүрледі.

Әбілязов жөніндегі видео жазба мұсылмандар қаситетті санайтын рамазан айында түсірілгені анық. Себебі, видео интернетке Ораза Айт мейрамы қарсаңында - 13 маусым күні шықты. Жазбадағы Әбілязовтің бейнесі де оның қазіргі қалпына сай келіп тұр. Осындай оқиғаның болғанын ешкім жоққа шығармайды. Егер қазақ ұлтының «әлімсақтан мұсылман» екенін ескерсек, ұлты қазақ еркектің басқа әйелмен некесіз жыныстық қатынасқа түскені құпталмайды. Бұл қылық нәпсіқұмарлық болып саналады. Оның үстіне, Мұхтар Әбілязовтің руы – қожа. Қожалар өздерін «дала халқына исламды алғаш біз алып келгенбіз, дінді үйреттік» деп санайды. Сондықтан «қара» халық қожаларды «ақсүйек» деп ерекше құрметтеп, дін мәселесіне келгенде үлгі тұтады. Осындай «ақсүйектердің» өкілі саналатын Әбілязовтің шариғатқа жат қылығы біраз жұрттың көңіліне қаяу түсіріп кетті. Осы жағдайдың бәрін таразының бір басына қойсақ, «Әбілязов нағыз еркек екен, тайлай сұлуды құрықтап алыпты» деп, оның ісін «ерлікке» балам жүргендердің сөз түкке тұрғысыз болып қалады.

Берік Мыңжасар