Ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймын", - деді МҚІСҚА ресми өкілі.

Агенттік өкілдері толық ақпаратты кейінірек беруге уәде берді. Ведомстводағы вице-министрдің атын әзірге атаған жоқ.