Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бюджет қаражатын игере алмаған министрлерді сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдымен Бақытжан Сағынтаев еліміздің Қорғаныс министрлігі 15,4 млрд теңге қаражатты игере алмай жатқанын айтып себебін сұрады.

«Бақытжан Әбірұлы, біз оны білеміз. Қазір талдап жатырмыз. Міндетті түрде нақты шаралар қолданатын боламыз», - деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

«Сіз жаңадан келіп жатырсыз, не себептен игерілмей жатқанын қараңыз. Жылдың соңы болып қалды, ең үлкен қаржы сіздің министрліктің есебінде болып тұр», - деді Үкімет басшысы.

Мұнан кейін Премьер-Министр Мәдениет және спорт министрлігі 11,1 млрд теңге игерілмегендігін айтты.

Осы мәселеге қатысты жауап берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы барлығы жоспарлы түрде жүріп жатқанын айтып ақталды.

«Қалай жоспарлы түрде жүреді, егер 8 айдың қорытындысында игерілмеген ақша болса, біз жоспарлы түрде игермей отырамыз ба?»,- деді министрдің жауабына көңілі толмаған Үкімет басшысы.

Осы ретте министр техникалық мәселелердің болғанын айтты.

«11 млрд теңгеге 8 айдың ішінде қанша мектеп, қанша шақырым жол, қаншама балабақша, аурухана салуға болатынын білесіз бе?», - деп сұрады Бақытжан Сағынтаев.

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бюджет қаражатын игере алмаған министрлерді сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдымен Бақытжан Сағынтаев еліміздің Қорғаныс министрлігі 15,4 млрд теңге қаражатты игере алмай жатқанын айтып себебін сұрады.

«Бақытжан Әбірұлы, біз оны білеміз. Қазір талдап жатырмыз. Міндетті түрде нақты шаралар қолданатын боламыз», - деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

«Сіз жаңадан келіп жатырсыз, не себептен игерілмей жатқанын қараңыз. Жылдың соңы болып қалды, ең үлкен қаржы сіздің министрліктің есебінде болып тұр», - деді «Сұлтанов айтқандай, кім игермесе бюджетті алып қоямыз. Өкпелемеңіздер», - деп ескертті Премьер-Министр министрлерге.

Үкімет басшысының дерегінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі 10,9 млрд теңге игермеген.

«Біздің бюджет 355 млрд теңге. Соның 10,9 млрд теңгесі 8 айдың қорытындысында игерілмеген. Оның ішінде 5 млрд теңгеден астамы су шаруашылығынан актілер күтіп отырмыз. Бірден ақша төленеді. Содан кейін ғылым жағынан 3,5 млрд теңгені төлеуге баяғыдан дайынбыз. Бірақ, мынау Білім министрлігіне өтінім маусым айында, одан кейін тамыз айында берілген. Ол жерде 90 күн қаралады. Соны біз қалай қысқартамыз? Ол кісілермен қайта қайта сөйлесіп отырмын. Қарау мерзімін қысқарту керек шығар?»,- деп ақталды Үкімет басшысының орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

«Өмірзақ Естайұлы, сіз Үкімет басшысының орынбасарысыз. Министрге қарағанда сіздің лауазымыңыз жоғары. Шақырып алып, жобаны қараңыз. Тәртібін өзгертесіз де әйтеуір берілген қаржы игерілуі қажет. Ақша аласыздар, игерілмей жатады. Онда не үшін ақша беріледі?»,- деді Үкімет басшысы.

Келесі кезекте Премьер-Министр Ішкі істер министрлігінің де қомақты қаржыны игере алмай отырғанын ескертті.

«4,5 млрд теңге келісімшарттамыз, оны қыркүйекке дейін орындаймыз. 2,9 млрд теңге үнемделген қаражат. Қорғасқа қатысты қосымша шарттар да бар», - деді өз кезегінде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

«Қыркүйектің ішінде отырмыз ғой, қалай қыркүйекте? Өтірік айтқанда дұрыстап айту керек қой. Қосымша шарт деген не, ол? Қаражаттың 9,5 млрд теңгесі игерілмей жатады. Ал сіз қосымша шарт дейсіз. Қаржы керек емес қой, сонда», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Автор: Марлан Жиембай