Мұхтар Шаханов бастаған 17 зиялы Қытайдағы қазақтардың тағдыршешті проблемасымен шұғылданып жүрген «Атажұрт еріктілері» ұйымына қарсы шығып, арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Мәлімдемеде «Атажұрт» еріктілерінің жасап жатқан жұмысын «саяси сауатсыздық» деп бағалап, «мемлекетіміз жүргізіп отырған көші-қон саясатына кері әсер етіп» отырғанын айта келе, «көші-қон мәселесін қоғамдық ұйымдар емес, биліктің өзі шешкені жөн» санаған.

Осы дау-дамайға қатысты «Атажұрт» еріктілерінің жетекшісі Серікжан Біләшұлы арнайы видео мәлімдеме жасап, Қытайдағы миллиондаған қазақтардың тағдыршешті проблемасына Шаханов бастаған зиялылардың көңіл бөлгені үшін рахметін айтып, оларға сенім артты.