ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауының қорытындысын шығарды.

«Жамбыл Ахметбековке 167 649 дауыс берілді немесе ол сайлаушылардың 1,82 процент дауысын алды. Дания Еспаева 465 714 немесе барлық сайлаушылардың 5,05 процент дауысын алды. Әміржан Қосанов 1 495 401, яғни барлық сайлаушылардың 16,23 процентін, Төлеутай Рахымбеков 280 451 немесе сайлаушылардың 3,04 процентін жинады. Сонда-ақ Амангелді Таспиховқа 182 898 дауыс берілді, бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,98 проценті, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 539 715 дауыс немесе сайлаушылардың 70,96 проценті дауыс берді. Сәді-Бек Түгел 84 542 немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын алды», - деді ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

inform.kz