Бірінші қыркүйек күні де артта қалды. Дегенмен ол туралы сөздер әлі талай уақыт айтылып жүруі ға¬жап емес. Олай деп отырғанымыз, кешегі аптада редакцияға Сайрам ауданына қарайтын Жаңаталап ауы¬лының бір тұрғыны баласын ертіп келді. «Менің бес балам бар, төртеуі мектепте оқиды, – дейді Динара Нұрматова. – Биыл мұғалімдер: «Форманы «SABTEX» дүкенінен алыңыз. Мектеп пен сол дүкен өзара келісті», – деген соң балама киімді аталған дүкеннен 7500 теңгеге сатып алып бердім. Костюм-шалбарын 1-ші қыркүйекте мектепке киіп барған ұлым сол күні шалбарының екі жағындағы тігісі сөгілгенін айтты. Бірінші күні тігіп бердім, ал ертесіне балам партаға отырмақшы болғанда шалбарының ауы түгелдей сөгіліп кетіпті. Бұдан кейін мен киімді алып «SABTEX» дүкенінің директорына бардым.

Бірақ ол кісі: «Киілмеген күйінде, этикеткасымен алып келгеніңде ғана ауыстырып берер едім. Онда да жыртылмаған болуы тиіс және алған мерзімі он төрт күннен аспауы керек. Үлкенін сатып алсаң ештеңе етпес еді. Не үшін бізден сатып алдың, мен сені қинап сатқаным жоқ қой? Енді тұрмысымыз нашар деп арыз жазып кет, кейін қайырымдылық ретінде киім беремін. Болмаса базарға барып басқасын ал», – деп өзімді мазақ етті. Мен киімді алғаныма көп болмағанын, оның сапасы нашар екенін айтсам, сөзімді тіпті де тыңдамайды.

Менің ұлым тыныш жүреді. Мейлі, өзінен болған шығар дейін десем, бір кигенде тігісі сетіней сөгілген киім басқаларда да кездесіпті. Олай болса, сапасыз өнім шығарғандар сол ісі үшін жауап бермей ме?» Бұдан кейін біз «SABTEX» сауда үйіне барып мәселенің мән-жайын анықтамақшы болдық. Ал ол жердегі қызметшілер: «Біздің бастығымыз «Гауһар» тігін фабрикасында отырады. Сұрақтарыңыз болса сол жерге барыңыз», – деген соң біз аталмыш фабрика директоры Әнипа Халбаеваға бардық.

«Мұндай мәселенің барлығына басшы ретінде жа¬уапберетін мен, – деді Әнипа Лесбекқызы. – Бірақ маған ондай өтінішпен немесе шағыммен ешкім келгенемес. Сіз айтып отырған мәселеден хабарым да жоқ.

Ал редакцияларыңызға барған азаматшаның айтарыболса, маған келсін. Бұл жерде бір түсінбестік болған шығар. Баласына өлшемі тар киім алуы да мүмкін ғой. Қалай болғанда да ол кісі маған келсін, киімнің бүлінген жерін тіктіріп беремін, қаласа басқасын алады.Жалпы,біздің өнімдерге шағым болуы мүмкін емес».

Бұл мәселе осылай шешілді. Дегенмен сапасыз өнім шығаратын немесе сататындар да жоқ емес. Ондайлар¬ға үкімет тарапынан қандай шара бар? Осы сұрақ бүгінде көпшілікті толғандыруда. Кім болса да ақшаға алған киімін ұзағырақ кигісі келетіні де рас қой. Ал Д.Нұрматовабұл мәселені осылай қалдырмайтынын, енді басқаша ізденетінін айтады.

Ұ. БЕК

«Замана» газеті