«16 жыл бойы жазушылар одағының жылы креслосынан түспей отырған Нұрлан Оразалиндей мәңгілік төраға бізге керек емес!» Осылай деген қазақтың бір топ жазушысы бас қосып, «әдебиетті қорлаумен келе жатыр» деп Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасын айыптап, оның жұмысына көңілі толмайтындықтарын жеткізді.

Қабдеш Жұмаділов, ҚР Халық жазушысы:

-Бұрын біз шыдап келгенмен, кейінгі кезде Оразалиннің кейбір қылықтары шектен шықты. Әдебиетті, талғамды аяққа басу, әдебиетті қорлау.

Қабдеш Жұмаділов, Бейбіт Қойшыбай, Сағынгерей Бәйменов, Мырзан Кенжебай сынды жазушылар: «16 жыл бойы еш өзгеріс жасамаған, қазақ әдебиетінің дәрежесін түсірумен жүрген Нұрлан Оразалиннің қызметтен кетуін талап етеміз» дейді.

Жазушылардың сөзінше, Оразалин әрбір съезд алдында өзіне дауыс берушілердің санын арттыру үшін түрлі әрекеттер жасап, дәрежесі жоғары «Алаш» сыйлығын 42 адамға негізсіз таратып жіберген.

Біз өзгеріс пен жаңашылдықты қалаймыз деген зиялы қауым өкілдері басшылыққа адал, қиянат пен алалаудан алыс, жазушылардың қамын ойлап, жағдай жасайтын адам керек деп отыр. Ал, мәселенің анық-қанығын білуге барған журналистерге Нұрлан Оразалин мырза жауап беруден бас тартты.

«Nur.kz» сайты