Баспана бапкерде қалды! Атақты боксшы Бақыт Сәрсекбаев пен оның жеке жаттықтырушысының арасындағы пәтер дауына Жоғары сот соңғы нүкте қойды. Шыққан шешімге сай, Астанадағы 3 бөлмелі пәтер Кәрім Махмудовтың меншігінде қалуы тиіс. Сөйтіп туған нағашысымен соттасып күллі елге жаман аты шыққан Бейжің Олимпиадасының чемпионы біржола "нокаут" алды.

Жылап жүріп әділдікті Жоғары соттан тауып, пәтерін қайтарса да, Кәрім Махмудов көңілсіз. 10 жасынан баптап, бәйгеге қосқан шәкірті әрі туған жиен інісімен бір жылға созылған соттасудың шырғалаңынан жүрегі сыр бере бастапты. Абыройдан да жұрдай болдық дейді өзі.

Кәрім Махмұдов, Бақыт Сәрсекбаевтың бапкері:

-Бақыт әбден шаршатты. Жүректің дәрісін ішіп жатырмын. Ауру болдым. Алдап тоқтатса болар еді ғой. Тоқтамады ғой. Жоғарғы сотқа дейін апарды.

Атақты боксшы мен бапкер арасындағы дау жыл басында басталған. 2008 жылы Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиадасынан алтынмен оралғанда, оған демушілер 4 пәтер тарту еткен. Чемпион сол үйлердің бірін, жаттықтырушысына алғыс ретінде берген екен. Кәрім Махмұдовқа, Астананың элиталық ауданындағы мына кешеннен 100 шаршы метрлік 3 бөлмелі пәтер бұйырады. Бірақ, 6 жыл өткен соң былғары қолғап шебері аяқ асты айнып қалып, қымбат сыйын қайтарып беруін талап еткен. Жиенін ұяту үшін, ағасы жұрттың көзінше, берген уәдесін жариялаға мәжбүр болады.

Күллі елге масқарасы шыққан ұлын анасы да райынан қайтармақ болған.

Валентина Рахманова, Бақыт Сәрсекбаевтың анасы:

-Күллі елге масқара болды. Қазақстанға ғана емес, Өзбекстанға да масқара болды. Бақытың ісіне барлығы күліп жүр. Ақылынан алжасқан сияқты.

Сәрсекбаев ұятты ысырып қойып, ақыры нағашысымен соттасуға бел буады. Процессте жеңіліс тапқанымен, кассациялық сотқа шағымданып ақыры пәтерін тартып алған. Алайда, Махмұдов Жоғарға сотқа дейін жетіп, баспанасын кері қайтарып алып отыр. Шала бүлінуінің себебін Олимпиада чемпионы бапкерінің Лондонға апарам деген сөзінде тұрмағанын айтады. Жиенінің бөл сөзін нағашысы өтірік дейді.

Кәрім Махмұдов, Бақыт Сәрсекбаевтың бапкері:

-18 жыл маған құлақ салған. Менің арқамда Олимпиада чемпионы болған. Енді өзгеріп кетті. Сол, базарда жүрген бір адам...

-Төмен қараған нағашы әулиетін күллі елге мазақ қылған жиенінің әрекетін әлі ұмыта алмай жүр. Ал демеушілер берген 4 пәтердің бірін бала күнінен боксқа баулып, батыр қылған бапкеріне қимаған чемпионның өзімен байланыса алмадық. Бірақ Сәрсекбаевқа соңғы инстанция –Жоғары соттың шешімін қалайда орындауына тура келеді.

КТК телеарнасы