Елбасы видеоүндеу жасады

Loading...
"Қадірменді халайық! Қазір біз бәріміз қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Бүкіл дүниемен көріп жатқан нәрсе бұл, ол қиыншылықты мен өз басымнан өткіздім. Осы кезеңде жанашырлық білдірген барлық жерлесіме, отандастарыма шын көңіліммен тағы да ризашылығымды айтқым келеді, сіздердің айтып жатқан тілектеріңізден күш қуат алып, емделіп шықтым. Көп рақмет! Қазір де сырқаттанып жатқан жандар бар, қиналып жатқан жандар бар, олар аман-есен шығады деп сенемін, себебі оған сену керек, көнбеу керек, жеңу керек! Біз одан күштіміз деп санасаңдар, сонда біз барлығын жеңеміз. Бір батыр бабалардың ұрпағамыз. Бұдан да өтеміз Құдай бұйырса", - деді Елбасы.
06.07.2020 457

Қатысты мазмұн