АҚШ-тың арнайы қызметі: Ресей биыл тағы да сайлауға араласады

АҚШ-тың арнайы қызметі: Ресей биыл тағы да сайлауға араласады

АҚШ-тың барлау қызметтерінің басшылары 2018 жылы аралық сайлау барысына Ресей тағы араласатынын мәлімдеді. Сайлауда Өкілдер палатасының толық құрамы (435 конгрессмен) анықталады.

Жүз орыннан тұратын жоғары палатада 34 сенатордың есімі белгілі болады. Сайлау 2018 жылы 6 қарашада өтеді.

Сейсенбі, 13 ақпанда сенат комитеті мүшелері алдында баяндама жасаған ұлттық тергеу директоры Дэн Коутс Ресейдің алдағы сайлауларға күйе жағу мақсатында әлеуметтік желілерді пайдаланып, "қуыршақ" адамдарына өз насихатын жүргіздіретінін айтты.

"2016 жылғы сайлауға араласуын "сәтті өтті" деп бағалаған Ресей бұл тәжірибесін 2018 жылы да жалғастыратынына күмән жоқ".

Коутстың мұндай тұжырымын тергеу мекемесінің басқа да бес басшысы қолдады. Олардың арасында Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео да бар. Екі апта бұрын ол алдағы сайлауларға Ресейдің ықпал еткісі келетініне сенімді екенін мәлімдеген.

Сенат комитеті төрағасының Демократиялық партия атынан орынбасары Трамп әкімшілігін Ресейдің сайлауға араласуына "тойтарыс беруге дайын емес" деп сынаған, деп жазады centralasian.org.

 

Айдары:  Найзағай
14.02.18
49 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.