БҚО-да бір күнде 1440 рет жол ережесі бұзылды

БҚО-да бір күнде 1440 рет жол ережесі бұзылды

Батыс Қазақстан облысында «Автобус» шарасы барысында 12 ақпан күні 1440 жол ережесін бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 460 жүргізуші рульде отырып, телефон мен радиостансаны пайдаланған. 191-і жылдамдықты шамадан тыс арттырса, 138-і мемлекеттік және міндетті техникалық байқаудан өтпеген. 29-ы жаяу жүргіншіні өткізбесе, 8-і автобусты заңсыз жабдықтаған. Бір адам рульге мас күйінде отырса, 9-ы жасырын жолаушы тасыған.
 
Сонымен қатар 9 автобус жүргізушісінің тиісті құжаттары болмаса да, халықаралық бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысқаны анықталды. Бес дерек бойынша БҚО көліктік бақылау инспекциясының шешімдері қабылданып, соның ішінде үш көлік құралының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
Оған қоса БҚО ТЖ департаменті қызметкерлерімен бірге Самара-Шымкент күре жолы бойында сынып қалған халықаралық бағытта жүретін екі автобус жүргізушілеріне көмек көрсетіліп, 75 шетелдік азамат Сырым ауданының таяу маңдағы елді мекендеріне жеткізілді.

 

Айдары:  Найзағай
14.02.18
37 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.