Әбілязовтің Алматыдағы резиденциясының видеосы шықты

Әбілязовтің Алматыдағы резиденциясының видеосы шықты

Белгілі YouTube-блогер Тәңірберген Бердоңғар жаңа видеосында БТА бантің экс-басшысы Мұхтар Әбілязовтің бұрынғы резиденциясын көрсетті. Видеода нысанның іші терезе әнегінен, ал сырты дроннан түсіріліпті. Зәулім кешен Алматының жоғарғы жағында, Бутаковка маңында орналасқан. Биік қоршау қойылған үш гектар жерде жеке үй, қонақтарға арналған үй, шаруашылық құрылыстар бар.

Зәулім баспана мәрмәрмен және өзге де бағалы материалдармен көмкерілген. "Сөйтсек, бұл  алғашында қала әкімі болған  Храпуновтың резиденциясы болыпты. Кейін мемлекеттік мүлікті ол әйелінің атына жаздырып алыпты. Әбілязов пен Храпунов туыс болғандықтан - ол оған арзанға сатып жіберген", - дейді Бердоңғар.

Сондай-ақ, блогер Тәңірберген Бердоңғар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ғимаратында болған. Мұнда ол Әблязовтің қылмыстық ісі бойынша үш мың том материалды көреді.

 

 

 

2017 жылдың маусымында Алматы соты Мұхтар Әбілязовті қылмыстық ұйым құрып, БТА банктің қаражатын ұрлады деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айырған еді. Мұхтар Әбілязовтің өзі көп жылдан бері шетелде жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық-бюросының мәліметінше, экс-банкир мемлекетке 7,5 миллиард доллар шығын келтірген.

 

 

 

Айдары:  Найзағай
12.02.18
100 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.