Қытайда қарулы қаскөй сауда орталығындағыларға шабуыл жасады

Қытайда қарулы қаскөй сауда орталығындағыларға шабуыл жасады

Қытайда қолына суық қару ұстаған ер кісі сауда орталығына келгендерге шабуыл жасап, бір адамды мерт қылды.

Тағы 12-сін жаралаған. Оқыс оқиға ел астанасы Бейжіңнің Сидань ауданында болған. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал шабуыл жасаған адам ұсталды. Ол – 35 жастағы Хэнань провинциясының тұрғыны. Әзірге қылмыскердің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Қытайлық:

– Қытайда дәстүрлі жаңа жыл мерекесі жақындап келеді. Барлығы үйіне аман-есен жетуге асығып жүр. Ал бұл кісі бір іске көңілім толмады деп, адамдарға шабуыл жасады. Мүмкін өмірінде бір қиындық болған шығар. Бірақ оған басқа жұрттың қатысы қанша? Қоғамда дүрбелең тудыратын мұндай адамдар қатаң жазалануы керек.

Қытайлық:

– Тергеп, тексерудің қажеті жоқ. Ауыр қылмыс үстінде қолға түсті. Сондықтан бірден өлім жазасына кесу керек.

24.kz

 

Айдары:  Найзағай
12.02.18
53 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.