Ержан Тәтішевті өлтіруге Мұхтар Әбілязов тапсырыс берді ме?

Ержан Тәтішевті өлтіруге Мұхтар Әбілязов тапсырыс берді ме?

Қоқан-лоққы жасап бизнестегі әріптесінің дүние-мүлкін иеленіп кеттті, заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыппен былтыр 3 жылға сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиге енді адам өлтіру бойынша  айып тағылды. Қазір тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Бұл қылмыстық іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  қаралады.

Ауданаралық сот «Депутаттық корпус» деп аталатын қылмыстық топтың жетекшісі саналатын, қылмыс әлеміне «Мурка» лақап атымен белгілі Мұратхан Тоқмадидің кімнің өліміне қатысты айыпталып жатқанын ашып айтқан жоқ, М.Тоқмади айыпталып отырған Қылмыстық кодекстегі баптарды ғана тізімдеп шықты. Мұратхан Тоқмәдиге ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігі ж), з) тармақтары бойынша (1997 жылғы редакция) айып тағылған. Бұл бап адам өлтіруге қатысты, ал оның М.Тоқмадиді айыптап отырған тармақтарында «алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру», «пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру» бар.

Мұратхан Тоқмадиге қатысты соттың Жамбыл облысында өтуінен және оған тағылған айыптардың сипатынан бұл іс 2004 жылы «ТұранӘлемБанктің» басшысы болған Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты екені айқын. Жамбыл облысында машинаға мініп аң аулау кезінде Ержан Тәтішев Мұратхан Тоқмадидің мылтығынан атылған оқтан жан тапсырғаны – факт. Мұны М.Тоқмади де мойындаған. Бірақ, сол  кезде 2004 жылғы 19 желтоқсанда Жамбыл облысындағы Отар станциясы маңында сағат таңертеңгі 11 шамасында болған қайғылы оқиғаға қатысты іс мылтықтың  шүріппесінің байқамай басылып кетуі салдарынан болған жағдай ретінде сипатталды. Бұл болжам бойынша, Ержан Тәтішев «Тойота Ланд Крузер» көлігімен далада аң қуып келе жатқан. Қуып жеткен кезде ол 12-калибрлі мылтықты арт жақта отырған Мұратхан Тоқмадиге берген. Дәл осы сәтте джип шұңқырды басып өтіп, мылтық өздігінен атылып кеткен. Оқ Ержанның шүйдесінің оң жағына тиіп, сол жақ көзінен шыққан.

Ержан Тәтішевтің өлімінен кейін «ТұранӘлемБанктің» (кейін банк БТА деп аталды) тізгінін Мұхтар Әбілязов алды. «Тәтішевтің өліміне Әбілязов мүдделі болды» деп айтылатын алып-қашпа сөз банкир өлімінен кейін Мұхтар Әбілязовқа деген күдікті күшейте түскен. Бірақ Е.Тәтішевтің өліміне қатысты тергеу ісіндегі материалдар марқұм банкирді абайсызда ажал құшты деген тоқтамға апарып тіреді. Бірақ, бұл шешімге ешкім сенген емес.Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты бірнеше журналистік зерттеу жасалды. Олардың бәрінде Е.Тәтішев М.Әбілязовтың тапсыры бойынша өлтірілді деген қорытынды болжам айтылған.

Былтыр Мұратхан Тоқмади біреудің мүлкін тартып алды, үйінде атыс қаруын сақтады деген айыппен қамауға алынғанда, 2004 жылғы оқиға қайта тексерілді. Ол жөнінде КТК арнасы  «Звали его Мурка» атты деректі фильм жасаған. Онда Тоқмади бұдан бірнеше жыл бұрын ТұранӘлем банкінің басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындайды. «Ол (Мұхтар Әблязов – ред.) мәселені Ержанның көзін құрту жолымен шешуді ұсынды. Оның айтуынша, оқиға аңшылық кезінде болуы және абайсыз өлім болып көрінуі тиіс еді» дейді Мұратхан Тоқмади.

Тәтішевті өлтіру не үшін қажет болды десек, «ТұранӘлемБанкі» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Серік Уәлиев мәселе Мұхтар Әблязов пен Ержан Тәтішевтің арасындағы араздықтан шыққанын айтады. Ал банктің директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Жақсылық Жарымбетовтың ойынша, Мұхтар Әбілязов түрмеде жатқанда, бұрын бизнестегі әріптесі болған Ержан Тәтішев одан теріс айналған. «Мұхтар өзін Ержан лақтырып кетті деп біліп, осы себепті оны жек көрді. Мұны ол ашық айтатын» дейді ол.

Фильмде Е.Тәтішевтің көзін құрту үшін М.Тоқмади мен М.Әбілязовтың арнайы кездескені жөніндегі мәліметтер де айтылады. Осы тапсырысты орындау үшін Мұратхан Тоқмади 2004 жылдың желтоқсан айында Тәтішевке өзі телефонмен хабарласып, бірге аң аулап қайтуға шақырған. «Жолда ол рөлге өзі отырды да машинаны қатты айдады, қасқыр қуып бара жатқанбыз. Оның күзетшісі қаруды маған берген сәтте мен Ержанды атып өлтірдім» дейді Тоқмади.

Фильмде Е.Тәтішевті өлтірген  мылтық, оқтың бағытына қатысты детальдардың сот сараптамасын жасау кезінде қалай бұрмаланғаны егжей-тегжейлі баяндалады. Тоқмади осындай сараптама жасату үшін тиісті адамдарға 20 мың доллар төлеген...

Мұратхан Тоқмадидің мойындауынан кейін Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты іс қайта қарала бастады. Сол тергеуді жүргізген, алғашқы сараптаманы бұрмалап қайта жасаған мамандар да жауапкершілікке тартылып,  Е.Тәтішевтің өліміне қатысты іс түбегейлі қайта сарапталған сықылды. Тек бұл жолы Ержан Тәтішевті атып өлтірген Мұратхан Тоқмади ғана айыпталмайды, осы қылмысқа тапсырыс берген, адам өлімінің шындығын жасыруға қатысқан адамдардың бәрі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ретінде айыпталуы мүмкін.

Берік Мыңжасар

Айдары:  Түтін
06.02.18
1653 оқылды

Пікір саны (25)

Мерей

Қаншама жыл боййы жасырып қалғанымен, ақиқат бәрібір белгілі болатынын өзі де түсіну керек еді.

Жанар

Адам өміріне қол сұғу, қылмыстың ең ауыры

Марлен

Заң алдында бәрі тең, бастысы заң жүзінде дұрыс шешім қабылданса екен деген ниет бар.

Ермек

Не де болса сот әділ жаза кесті. Енді қатаң түрде оның түрмеде отыруын қадағалау керек. Босап шықса қоғамға өте қауіпті.

Загипа

Меніңше екеуі де оңған сиырдың боғы емес. Тоқмәдидің бұл қылмыспен тоқтауы болмапты. Қыруар қылмысты қолымен жасаған. Сұмдық.

Орал

Енді солай екенін тергеу барысы анықтап беріп отыр емес пе? Не де болса соңын күтейік.

,Балжан

Мұхтардың құйтырқы әрекеттерінің бірі ғой. Ол адамның жолына қарсы болғандардың оңғаны болмады. Тәтішевке де тапсырыспен ажал құштырыпты. Иманды болсын.

Алима

правильно делает, что идет на сделку со следствием и не отпирается, как остальные. хотя бы как то поможет следствию

гость

надо же, какие подробности выходят спустя 13 лет. уже и не знаешь кто говорит правду, кто лжет

Амина

Никто не в праве забирать чью то жизнь! Таких людей надо наказывать по всей строгости закона.

Асел

Бұл қылмысқа сол кездегі Жамбыл облысының сотты жүргізген адамдары да қатысты болуы мүмкін

Асел

Не деген жауыздық,басқа да қылмыстары бар сияқты осы топтың

Макс

Осы қылмысты жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшелерін қатаң жаза күтіп тұр

Макс

Тапсырыспен адам өлтіру ең ауыр қылмыс, толық дәлелденген соң қатал жазасын алуы тиіс

Балым

Барлығы тапсырыспен жасалғаны көрініп-ақ тұр ғой. Оның үстіне барлығын өзі мойындап тұр. Ендігісі әділ соттан әділ шешім күтеміз.

Сания

Не болсада бəрі əділ жəне заңмен шешілсін.

Жұлдыз

Айтпаңыз, не болса да заңның аясында шешімін табады деген ойдамын.

Бота

Токмадидің қаруынан өлтірілгені толығымен дәлелденді, факт ол. Ендеше заңға сәйкес жазасын алсын.

Сезім

Барлығы дәлелденіп отырса, сот соңғы шешімін шығаратыны ақиқат. Қылмысты жасыру мүмкін емес.

Сымбат

КТК арнасынан шыққан фильмінде анық бәрін айтқан ғой, қалай өлтіргенін де мойындап отыр. Татишевтің өлімі кімге кереке болғаны да анықталып отыр. Дәлел жеткілікті.

Мақсат

Өзі мойындап отытырса болғаны да. Істі әрі қарай созудың қажеті жоқ.

Мирас

Қолымен жасаған екен, мойнымен көтерсін. Адам өлімі деген оңай құтылатын қылмыс емес.

Сания

Сізбен толықтай Қолмен жасағанды мойынымен көтерген жөн.

Рустам

Шындықты жасыруға тырысқан, жалған анықтамалар бергендердің барлығы заң алдында жауап берсін. Басында несчастный случай деп еді, енді міне барлығы судың бетіне шықты.

Айнур

Кімнің тапсырыс бергені, Татишевтің кімге кедергі тигізіп тұрғаны белгілі болды. Токмади жазасын алуы керек, және оған қатыстылардың барлығы да жазадан құтыла алмайды.

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.