Академик Салық Зимановтың ұлы түрмеден шықты

Академик Салық Зимановтың ұлы түрмеден шықты

Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы құқықтанушы әрі академик Салық Зимановтың ұлы Мұхтар Зимановты шартты түрде мерзімінен бұрын босатты. Ол «Қорғас ісі» деп аталатын қытай-қазақ шекарасындағы контрабанда мен жемқорлыққа қатысты қылмыстық істе алаяқтық жасады, пара беруге оқталды деген айыпен ұзақ мерзімге сотталған болатын. Тергеу мәліметінде академиктің ұлы Мұхтар Зиманов өзі сияқты атақты оқымыстылардың балаларымен - Руслан Юсупов, Ұлан Әубәкіров және Қайрат Құсмановпен бірігіп, «Қорғас ісі» бойынша негізгі күдікті Талғат Қайырбаевты қамаудан  босату  үшін жоғарғы биліктегі таныстарын пайдаланып, оларға 500 мың доллар пара бермек болғаны айтылды. Сол үшін олар Қайырбаевтар отбасынан 3 млн доллардан астам ақша алған.

Кейбір мәліметтерде, «Қорғас ісі» бойынша негізгі айыпталушыны қылмыстық жазадан құтқару үшін Мұхтар Зиманов әкесінің беделіне жүгінген. Бірақ, ол қамауға алынған кезде (2012 жылдың 25 қаңтарында) академик Салық Зимановтың қайтыс болғанына екі айдан асып кетіп еді. Дегенмен, Мұхтар Зимановтың әрекетін әкесімен байланыстыратын негіздеме жоқ емес. 2011 Қазақстандағы көптеген белгілі заңгерлердің ұстазы, академик Салық Зимановқа қатысты іс қозғалған.  Бірақ, ол сол жылдың 10 қазанында ауруханаға түсіп қалды да, 3 қарашада ауруханадан шығып, 4 қарашада қайтыс болды. Академикке қарсы қозғалған қылмыстық іс 2012 жылдың 11 қыркүйегінде Алматыда марқұмның достары Салық Зимановты қорғап өткізген баспасөз мәслихатынан кейін жабылды. Дегенмен, зиялы қауымның мәлімдемесі сол кезде марқұм академиктің тергеу абақтысында жатқан ұлына көмектесе алмады.

Аймақта Ресейдің мүддесін қозғайтын «Кеден одағының» талаптарын қамтамасыз ету аясында қозғалған «Қорғас ісі» - Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ең үлкен процесс. Осы және осыған жанама істер бойынша 50-ге жуық адамға айып тағылды, олардың көбі ұзақ мерзімге соталды. Тіпті заң саласында беделді академиктің ұлына да кешірім болған жоқ. Ол да әкесі өлген соң көп уақыт өтпей-ақ тұтқындалды, бір жыл қамауда отырып, 2013 жылдың қаңтарында 13 жылға сотталды. Кейін Жоғарғы сот Мұхтар Зимановтың жаза мерзімін 12 жылға дейін азайтты. Бұдан соң оның  Қазақстан президенті жанындағы комиссияға жазған рақымшылық жасау туралы өтінішінің нәтижесінде жаза мерзімі 9 жылға дейін кеміді. Заң бойынша,  жаза мерзімінің үштен екісін өтеген адам шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу құқығына ие. Ол заңның осындай мүмкіндігін пайдаланып отыр.

«S»

Айдары:  Түтін
25.01.18
477 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.