Қазақ асыл тұқымды халық па?

Қазақ асыл тұқымды халық па?

Қазақ арасында ұлттың ерекшелігін, артықшылығын дәріптейтін үрдіс күшейіп барады. Бұрын ғасырлар бойы салт-дәстүрмен бірге қалыптасқан қазақтың батырлығы, еркіндігі, қонақжайлығы көп айтылатын. Келе-келе бұл үрдіс әсіре мақтаншақтыққа ұласты. Соның бір мысалы «Қазақ болып тумағанда нетер ем?» деп басталып, «Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем, Аламанда ат оздырмай кетер ем, Жеті атамды жаттай алмай кетер ем, Қымыз-шұбат, қазы-қарта, құрт майсыз қадір қашып қарным ашып өтер ем» деп созылып кете беретін шұбыртпалы терме-жырда көрініс тапты. Әрине, мұның бәрі - өткен дүние.  Қазір әлемді өзгертуге, адамдардың бақытты өмір сүруіне қажет жаңа технологияларды жасауға қазақтардың қосып жатқан үлесі мардымсыз, тіпті жоқтың қасы. Бірақ, ұлттың артықшылығын ұлықтаушылар мұны қаперіне алып отырған жоқ. Олар енді ұлттың рухын көтеру үшін ұрығын жарнамалауға көшіпті. «Спермамды қытайлар алып қалды немесе Қытайдан келген қазақ жігітінің өкініші» деп аталатын адам сенгісіз жазба қазір әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр. Төменде баяндалатын, қиял-ғажайып ертегіге бергісіз осы бір әңгіме қазақтың рухын көтере ме? Бағасын оқырман берсін.

«Бұл - шын болған оқиға. Бұл күнде Алматыда тұратын Қытайдан елге оралған бауырымыз бұл әңгімені көзіне жас ала отырып айтып берді: 

Мен өте үздік оқыдым. Соның нәтижесінде Пекиндегі бір жоғары оқу орынына емтиxансыз қабылдандым. Ол жерде бір-екі жыл қытай тілінен қиналсам да артынан бәрін басып оздым. Республикалық студенттер олимпиядасы, xалықаралық студенттер олимпиядасы секілді жарыстарда топ бұзып жүрдім. Сабағым да, спортым да үздік болған соң маған қытай қыздары өліп-талып жабысты. Бойым ұзын, сүйегім ірі еді. Мен ол қыздардың біріне де қарамадым. Олар маған сан түрлі айла-шарғылар қолданды. Мен бәріне пысқырып та қарамадым. Тіпті, шәйіме қоздырғыш дәрі қосқан кездері де болды. Онда да сүрінбей өтіп кеттік. Сөйтсем, мұның барлығы жоспарлы түрде істелген жұмыстар екен. Пекинде бишілерді дайындайтын Пекин би институты бар. Онда кілең сұлу қыздар оқиды. Көбісі бастықтар мен байларға бәйбіше-тоқал болып кетеді. Сол институттың сұлулары неге мені жағалап қоймайды десем артында үлкен гап бар екен ғой... 

Демек, бәрі де арнайы жоспармен, арнайы тапсырмамен болған екен. Оқуымды беске оқығаныма қарамастан маған диплом бермей қойды. Айтпақшы, тұтас сыныптағылардың бәрінің шетелге шығатын паспортына тимегенде менің паспортымды алып алды. Сұрасам не дипломды не паспортты бермейді. Мен ештеменің байыбына бара алмай Пекинде жүрдім де қойдым.

Дипломсыз үйге қайтқаннан өлім жеңіл. Бір күні мені Университеттің ішіндегі сақшы мекемесі шақырды. Бардым. Мен көрмеген біреулер мені тергеді. Қытайдың Ұлттық Қауіпсіздік Мекемесінің адамдары екен. Маған бірден барлығын ашып айтты. Мені қызметке алмақ екен. Мен бас тарттым. Себебі, менің арманым Қазақстан болатын. Алматы мен Астананың көшесін сыпырсам да разы едім. Ең бастысы -  ата-анам бұл кезде әлдеқашан Қазақстанға қоныс аударып үлгеріп еді.

Олар мені екі апта айналдырды. Мен сөзімнен қайтпадым. Өз құқымды айтып заңды көлденең тартып тұрып алдым. БҰҰ конвенсияларында отбасы мүшелерінің бір елде өмір сүру құқы кепілдендірілген ғой. Соны айттым. Ақыры олар да жалықты. Ең соңында мені ақ xалат киген бір топ адам келіп әлгілердің мекемесінен алып кетті. Олар маған ашығын айтты. Егер мен олардың айтуы бойынша спермамды берсем, онда диплом да, паспорт та беріледі. Мен бірден келістім. Себебі, сперманы бірінші курстан бастап барлық сыныптастарымыз міндетті түрде беріп келгенбіз ғой. Ол өзі сондай заң болатын. Сыныптағылардың бәрі мен секілді милионнан іріктелген сайдың тасындай жігіттер еді. Сөйтіп олар мені ет, жұмыртқа, балықпен бақты. Күніне 3-5 уақ тамақ. Үш күнде бір рет сперма беру... 

Үш айдан соң олар мені босатты. Паспортым да, қызыл дипломым да қолыма тиді. Сенесіз бе, Қазақстан визасы да жапсырылған... 

Мен аң-таңмын. Ең ғажабы- олар маған сол күнгі Пекин-Алматы ұшағының билетін беріп тұр. Өңім емес, түсім секілді. Қазақстанға, ата-анама жете алмай қаламын ба деп әбден уайымдап ем. Олар әуежайға шығарып салды.

"Сен сені бағып-қаққан, оқытқан ұлы Қытай елін тәркі еткеніңмен сенің он мыңға жуық ұрпағың, өз төл тума балаң осы ел үшін қызмет ететін болады. Қазірдің өзінде сенің жүз шақты балаң бар екенін біз саған сенімді түрде айтамыз"-деді.... 

Елге оралдым. Бірақ, бір өкініш кеудемді мазалайды. Істегендерімнің шариғатқа қайшы екенін Қазақстанға келген соң білдім...." 

Sagimbek Ermek

Айдары:  Текемет
22.01.18
420 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.