52 адаммен бірге жанып кеткен автобустың есігі ашылмай қалған

52 адаммен бірге жанып кеткен автобустың есігі ашылмай қалған

Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 52 адаммен бірге жанып кеткен жолаушылар автобусындағы  өрттің тұтануына  қысқа тұйықталу себеп болған. Ал  бұдан кейін есігі бұғатталып қалған. Сондықтан, 5 адам ғана автобустан шығып үлгерген, қалғаны 52 жолаушы тірідей жанып кеткен. Қайтыс болғандардың бәрі Өзбекстан азаматтары, олар Ресейге жұмыс істеуге бара жатқан. Автобус Сарағаш ауданындағы Жібек жолы ауылынан шығып, Ресейдің Қазан Қаласына бағыт алған.

Оқиға 18 қаңтар күні сағат 10:30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент – Самара жолында болды. Жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 55 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Үш жолаушы мен екі жүргізуші аман қалған.

Аман қалған бес адамның аты-жөні жарияланды. Олардың арасында Өзбекстанның екі азаматы - 1988 жылы туған Ахрор Искаков пен 1980 жылы туған Исраилджон Мырзахмедов бар. Қалған үш адам - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары - Мақсат Пернебеков (1985 жылы туған), Барат Таңатаров (1978) және Нұржан Қырғызбаев (1968). Аман қалғандардың екеуін күйік шалған.

Ақтөбе облысында өртенген жолаушылар автобусы 2016 жылдан бері техникалық байқаудан өтпеген, деп хабарлады ҚР Индустрия және даму министрлігі.

Министрлік ақпаратына қарағанда,  1989 жылы шыққан KassbohrerSetra маркалы автобусы Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Автобустың техникалық тексеруден өту мерзімі 2016 жылы 17 ақпанда аяқталған. Автобус тұрақты маршрут бойынша жолаушы тасымалдамаған және тұрақты емес түрде жолаушы тасымалдауға лицензиясы болмаған.

Ақтөбе облысындағы апатқа байланысты Өзбекстан үкімет арнайы комиссия құрды.Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, комиссия құрамына сыртқы істер министрлігі, ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволардың өкілдері қосылған. Комиссияны премьер-министр Абдулла Арипов басқарады. Комиссия қаза тапқан Өзбекстан азаматтарының аты-жөнін және қайғылы оқиға себептерін анықтаумен айналысады.

Айдары:  Найзағай
18.01.18
224 оқылды

Пікір саны (1)

Маке

Пассажиры транспортного средства грелись в автобусе с помощью паяльной лампы.

"В автобусе грелись паяльной лампой. Кто-то что-то там между собой не поделил. Пнул баклажку с бензином, она попала на паяльную лампу. Сразу все вспыхнуло, поэтому никто не смог и выбраться", - рассказал очевидец.

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.