Назарбаевтың АҚШ сапары жөнінде жан-жақты ақпарат жоқ. Неге?

Назарбаевтың АҚШ сапары жөнінде  жан-жақты ақпарат жоқ. Неге?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары басталды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Назарбаев 16-18 қаңтар аралығында АҚШ президенті Дональд Трамппен, Американың ресми және іскер адамдармен кездеседі, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынына да қатысады. Екі ел басшылары кездесуінде қандай мәселе талқыланатыны беймәлім – саяси сарапшылар әртүрлі болжам айтып жатыр. Олардың ішінде Ауғанстандағы саяси ахуал, Орталық Азия мемлекеттерінің өзара ықпалдастығы мен келешегі, АҚШ компанияларының Қазақстандағы инвестициясы және т.б.  келелі мәселелер бар. Бірақ бұлардың бәрі болжам ғана. Мәселенің мән-жайы кездесу кезінде ғана мәлім болады. Қазақ қоғамына жан-жақты қамтылған толық  ақпаратты дер кезінде жеткізіп тұру үшін Қазақстаннан бір топ журналист АҚШ-қа аттанып кетті.

Бұрын дипломаттық қызметте болған саясаттанушы Расул Жұмалы ҚР президентінің АҚШ сапарынан көп нәрсе күтеді. Сондықтан, ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Баспасөз президенттің АҚШ-қа сапарына кәсіби шолу мен әділ сараптама жасаса құп. Әсірелеусіз, Қазақстанның тарихи жетістігіне иә ғаламдық маңызына баламай» деп жазды. Бірақ, саясаттанушының бұл үміті ақталмайын деп тұр. Себебі, Н.Назарбаевтың АҚШ сапары жөнінде тұщымды ақпарат таратуға тиіс болып іссапарға шыққан журналистер тобы ылғи «ығай мен сығай» - БАҚ басшылары. Олар: «Қазақстан» ТРК төрағасы Ерлан Қарин, «Егемен Қазақстан» АҚ президенті Дархан Қыдырәлі, «ҚазИнформ» мемлекеттік ақпарат агенттігінің басшысы Асқар Құмыран, «Қазақ газеттері» ЖШС директоры Шәмшидин Паттев, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл және т.б. Мұхиттың арғы жағына іссапарға шығу қымбат екені белгілі. Сондықтан, аты аталған ақпарат құралдарынан тікелей репортаж беріп, жан-жақты шолу жасауға тиіс қатардағы журналистер бұл сапарға бара алмай қалды, олардың орнына БАҚ басшылары кетті. Бастықтардың журналистиканың «қаражұмысын»  атқара алмайтыны о бастан аян - репортаж беріп, сұхбат алып,  шолу жасауды білмейді. Шындығына келсек, БАҚ басшылары журналистиканың шұғыл ақпарат тарату ісінен әлдеқашан жерініп кеткендер. Оларды «журналист» деп емес, «саясаткер», «саяси тұлға», «қоғам және мемлекет қайраткері» деп атаған жөн болар еді. Сондықтан, саясаттанушы Расул Жұмалы айтқандай ҚР президентінің АҚШ сапары жөнінде  «кәсіби шолу мен әділ сараптама» күту бекер. Әріге сілтеді дегенде, АҚШ сапарлап барған қазақ баспасөзінің басшылары өздерінің әсерімен ғана бөлісумен шектеледі, Назарбаев-Трамп кездесуінің мән жайы ашылмай қалады. Мұндай тұжырым жасауға негіз болатын жазбалар да жарияланып жатыр. Мысалы, Ерлан Қарин әлеуметтік желі арқылы Ақ үйдің алдында түскен суретін жіберіпті. Ал Асқар Құмыран Нью-Йорктегі музейлердің бірінде тұрған «Көк Орда ханы Жәнібектің дулығасын» жарнамалап жатыр. «Бас газеттің» президенті Дархан Қыдырәлі АҚШ-қа бара жатқанда "Самолет, самолет, бізді де ала кет!" деп басталатын аспан, бұлт, мұхит жөнінде әсерін жазып еді, Нью-Йоркке жеткен соң Астана дайындаған «Тарихи сапар» атты мақаласын «Егемен Қазақстанға» (бүгін) жариялапты. Мұнысы көтеріңкі көңіл-күй әсерімен пафосқа ұқсас бірдеңе – Назарбаев-Трамп кездесуіне тіпті де қатысы жоқ. Осы жағдайды қарап отырып, ҚР президентінің АҚШ сапары жөнінде басқа БАҚ басшыларының тартымды материал беретініне күмәнмен қарауға болады.

 

Бұрын қазақы БАҚ басшылары пәленше батырдың  мерейтойы сияқты ат шаптырып, шапан жабатын той-томалақта жүретін. Оған ешкім қарсы емес еді. Себебі ондай тойларда сөйленген сөздің қазақ қоғамы үшін аса маңызы жоқ. Сондықтан, ондай шарадан ешкім ештеңе күтпейтін. Ал президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары екі елдің қарым-қатынасының, әлемдік саясаттың бағытын бағдарлайтын маңызды оқиғалардың бірі. Кездесуде және оның сыртында болатын оқиғалар түгел қамтылса, саяси сарапшылардың қорытынды пікірі толымды әрі объективті болып шығады. Әрине, бұл жерде Назарбаев-Трамп кездесуінде талқыланған мәселелер жөнінде ақпаратсыз қаламыз деген ой айтудан аулақпыз. ҚР Президентінің теле-радио кешені, Ақорданың баспасөз қызметі мүмкіндігінше ақпарат беріп отыратыны даусыз. Тіпті, бұл жетпей жатса Қазақстандық БАҚ шетелдік әріптестерден видео материалдар мен суреттер алып, кемшін тұсын толтыруға тырысады. Бірақ, бәрібір қазақ журналистикасының АҚШ сапарынан жасауға тиіс материалдарының ақпарат кеңістігінде алатын орны ойсырап тұратыны анық. Бұған кім кінәлі?..

Берік Мыңжасар

Айдары:  Дүрбі
16.01.18
515 оқылды

Пікір саны (14)

Өркен

Бұл кездесу туралы жазбаған жан қалмаған шығар. Сондықтан қателесесіз, маңызы айрықша, қалтарыста қалмайтын тақырып!

Рауан

неге жоқ?күллі ғаламтор осы кездесуді айтып, шулап, тамсанып жатыр. Тіпті тікелей хабар да көрсетті.

Anonymous

Көпке топырақ шашқан дұрыс емес.

Anonymous

Тойға шақырмапты деп күңкілдейтін кемпірдің әңгімесі сияқты бірдеңе екен. Өз қадірін өзі осынша кетіруге бола ма?

Anonymous

Президентке қолдау көрсетуге ығай мен сығай барса, оның несі айып? Әйтеуір, бірдеңе жазу керек деп жаза берген де дұрыс емес. Сендер де барыңдар. Кім ұстап тұр? Серке соңғы кезде не болса, соны жазатын болды. Бар ғой араларында, сауатты сараптама жазатындар.

Сырым

Единственного Елбасы, начавшего Новый 2018 год со стратегической встречи с Президентом США Дональдом Трампом, еще и в Белом доме, еще и в Овальном кабинете, а не где-то там на диванчике в коридоре, в прямом эфире не показали Ни "Хабар"-овцы, и даже Ни "QAZAQSTAN"-овцы! Даже к бою Головкина готовятся тщетно с широкомасштабным анансом за несколько месяцев!

Во многиx отдаленныx аулаx не то, что спутниковый канал "CNN", даже о кабельном телевидении Ни слуxом, Ни дуxом! Так многие старейшины даже о фейсбуке с ватсапом не ведают!

Вот и всё что нужно знать о финансируемыx десятками миллиардов кровными средствами из карманов налогоплательщиков государственныx и национальныx каналаx в стране, где к гласу Народа "-овцы" применяется не как приставка, а в прямом значении этого слова!

Нурит

Болашақ қазақ халықының тахиына әсер ететін келелі келісімдеріңіз жемісті болсын

Жази

Қазақтың мен деген бетке ұстар қаймақтары барған екен. Еліміздің абройын асқақтатып, келелі келіісмідер боларына сенімдімін

Ардак

Болашаққа аса маңызды дүниелер қозғалып жатыр екен. Елдің абройы бұл. Тәубә

Бико

Ауғанстандағы саяси ахуал, Орталық Азия мемлекеттерінің өзара ықпалдастығы, АҚШ компанияларының Қазақстандағы инвестициясы аса маңызды келісімдер. Әр қайсысы өз маңызымен оқығанда да ерекшелініп тұр. Лайым барлығы оң шешімін табар!

Аскар

Трамп мырза мен Елбасымыздың достығы мен сыйластығы жоғары екені көрініп тұр. Ұзағынан болсын!

Микон

екі ел асындағы достық қарым қатынас арта берсін. Сапар тек сәтті жауапты жұмыстардың оң шешімін тапсын!

Anonymous

Шшнсг...дурыс "казел" жазыпты гой!!! Срайыл блмаса(онын конституциясы болмаса), карандаршы беттеры пискен персик сиякты)))

Айдар

Не деген негатив мынау. жазадда шамалы ойлану керек. Бұл кісілер елдің бірлігі үшін жұмыс жасап жүр. Сен отырып аласыңда ойыңа келгенді айтаасың. Ойлан бала

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.