Шымкентте банкир салымшылардың ақшасын алып, қашып кетті

Шымкентте банкир салымшылардың ақшасын алып, қашып кетті

Шымкентте  алаяқтық қылмысына қатысы бар деген 45 жастағы күдікті  іздестірілуде. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1973 жылы туған Көлбаев Нұржан Бауыржанұлына іздеу жарияланды.

Тергеу барысында белгілі болғаны сезікті  қаладағы банктердің бірінің филиал төрағасы лауазымын атқарған. Осы қызметін пайдаланып, салымшылардың ақшаларын алаяқтық жолмен иемденіп кетіпті. Сөйтіп белгісіз бағытқа бой тасалаған.

 Қазіргі таңда аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің  190-бабы  4-бөлімі «Алаяқтық» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.   Полицейлер Нұржан Көлбаевтың іздеу бойынша барлық жедел-іздестіру іс-шараларын қолға алған.

Сезіктіні  ұстау үшін облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы және  Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы  Әл-Фараби полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылуда.

Күдіктінің белгілері: бойы 170 см, орта бойлы, шашы қара, көзі қара. Ерекше белгілері жоқ. Полиция қызметкерлері Көлбаев Нұржан Бауржанұлы туралы ақпарат білсе 8(7252)97-60-09, 8 777 6123244 немесе «102» телефондарына хабарласуларын сұрайды. 

ҚазАқпарат  

Айдары:  Найзағай
13.01.18
45 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.