Солтүстік Қазақстан: боранда мұғалім адасып өлді

Солтүстік Қазақстан: боранда мұғалім адасып өлді

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында 11 қаңтарда жоғалып кеткен мектеп мұғалімнің өлі денесі табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Департаменттің мәлімдеуінше, 20 жастағы ер адамның денесі өзі тұрып жатқан Береке ауылынан 10 километр жерден табылған. Мәйіттен жарақат іздері байқалмаған. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Береке тұрғыны 11 қаңтарда қатты боран кезінде мектептен ауылға қайтар жолда жоғалып кеткен. ІІД ер адам боран кезінде адасып қалуы мүмкін деп божайды. Ер адамды іздеуге полиция, жергілікті тұрғындар мен еріктілер атсалысқан.

Ал Астана қаласы денсаулық сақтау басқарамасының дерегінше, қалада боран кезінде бірнеше адам жарақат алған. 50 жастағы тұрғын бас-ми жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр. 

Айдары:  Найзағай
12.01.18
46 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.