Астанада төтенше жағдай жарияланды

Астанада төтенше жағдай жарияланды

Астана әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен қалада төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Әкімдік сайтында жарияланған хабарламада "табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты Астанада табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды" деп жазылған.

Әкімдік мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, сауда орындары, базарлар және құрылыс нысандарының басшыларына қызметті уақытша тоқтатуды ұсынған. Ал өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ішкі істер департаменті, төтенше жағдай департаменті, коммуналдық қызметтер жұмысын жалғастыра береді.

Астанада соңғы күндері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Кеше тәулік ішінде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне "Астана Тазалық" ЖШС хабарлады.

"Тәулік ішінде Астанада 34 227 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, "Астана Тазалық" ЖШС 11 787 текше метр, "Астана-көгалдандыру құрылысы"АҚ 2 159 текше метр және мердігер ұйымдармен 20 281текше метр қар шығарылды", - делінген хабарламада.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника тартылды, соның ішінде Алматы ауданында 557, Сарыарқа ауданында 343 және Есіл ауданында 445 техника. Атап айтқанда, сыпыру-жинау машиналары, тротуар жинайтын машиналар, шнекороторлық техника, құмтөсегіштер, автогрейдерлер, қар тиегіштер, фронталдық тиегіштер және самосвалдар. Бұдан басқа, қарды қолмен жинауға 1888 жол қызметкері: Алматы ауданы бойынша 845, Сарыарқа ауданы бойынша 560 және Есіл ауданында 483 жұмыскер тартылды. 

Айдары:  Найзағай
11.01.18
45 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.