Астанада мектептерде сабақ тоқтады

Астанада мектептерде сабақ тоқтады

Астанада боранға байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-11 сыныптарға және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Астана қалалық білім беру басқармасы хабарлады.

Ал "Қазавтожол" компаниясы ауа райына байанысты Астана-Қарағанды, Астана-Павлодар, Астана-Шучинск жолдарының жабылғанын мәлімдеді.

Қазгидромет 11 қаңтарда Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жел тұрып, боран болатынын ескерткен. 

Астанада боранға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы уақытша жабылды. Сағат 13:00-ге дейін әуе рейстеріне қызмет көрсету тоқтатылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Әуежай сайтында ондаған ішкі және халықаралық рейстердің кейінге шегерілгені көрсетілген. 

Айдары:  Найзағай
11.01.18
36 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.