«Сарыағаш» шипажайы сатылады

«Сарыағаш» шипажайы сатылады

«Сарыағаш» шипажайын сату бойынша сауда-саттық 27 наурызда таңғы сағат 10-да басталады.  Емдеу-сауықтыру кешені электрондық сауда арқылы сатылады. Бұл ақпарат gosreestr.kz сайтында жарияланды.

Бастапқы баға - 3 миллиард 414 миллион 181 мың теңге. Кепілдік жарна 500 миллион теңгені құрайды. Келісімнің шарты бойынша сатып алушы нысанның нарықтық құнының 50 проценті көлемінде инвестиция құюы керек. Бұдан бөлек әлеуетті иеленуші жұмыс орындарын сақтай отырып, тағы 30 орын ашуы тиіс. Тендерлік шарттың тізімі 12 тармақтан құралған.

Қазір шипажай ОҚО қаржы басқармасының балансында тұр. Еске салайық, тендер 2017 жылдың 12 желтоқсанында мемлекеттік мүлік тіркелімінің вэб-порталында өтуі тиіс болған.

ҚазАқпарат

Айдары:  Найзағай
10.01.18
56 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.