Молдовалық кәсіпкер Қашағанға шүйлікті

Молдовалық кәсіпкер Қашағанға шүйлікті

Молдовалық кәсіпкер Анатол Стати (суртте) егер Қазақстан билігі 500 миллион доллар өтемақыны төлемесе Қашаған мұнай кенішінің 5,2 миллиард долларды құрайтын үлесін сатуды талап ететінін айтты. Бұл туралы кәсіпкердің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Анатол мен Габриэль Статилер және Ascom Group S.A. мен Terra Raf Trans Traiding Ltd. атты тағы екі компания Қазақстан үкіметін халықаралық сотқа беріп жеңіп шыққан. Олар Қазақстан үкіметі өздерін шығынға ұшыратты деген арыз берген.

Қазақстан әділет министрлігі бұл дауға қатысты алдын-ала ешқандай пікір білдірмейтінін мәлімдеді.

Сот Астананы 500 миллион өтемақы төлеуге міндеттеген. Сот шешімінен кейін New York Mellon (BK.N) банкі Қазақстанның Ұлттық қорына тиесілі 22 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі активін бұғаттаған.

Астана 500 миллион долларды өтеуден бас тартып, АҚШ-тың федералды сотына шағымданған. 

Айдары:  Найзағай
10.01.18
64 оқылды

Пікір саны (0)

Жаңа пікірді жазу

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Пішімдеу нұсқаулары туралы толығырақ ақпарат

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.